Қызылордаға Чехиядан 300-ге жуық ангус сиыр әкелінді

1164

Асыл тұқымды малға қазір түрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцина салынып жатыр.

Қызылордаға Чехиядан  300-ге жуық ангус сиыр әкелінді

Қызылордаға Чехиядан 300-ге жуық ангус сиыр әкелінді, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Асыл тұқымды малға қазір түрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцина салынып жатыр. Одан кейін жайылымға жіберіледі.

Абердун ангустың "Мәрмәр" еті премиум класқа жатады. Терісі қалың болғандықтан, күй талғамайды, ыстық-суыққа қарамайды, тез өсіп жетіледі. Кез-келген шөппен қоректенеді. Ірі қараның ұрғашысы 500 келі ет берсе, бұқадан 600 келіге дейін ет алуға болады. Алты айлық бұзаудың салмағы 200-300 келі болады, ал оны бордақыласа 1 тоннаға жетеді.

"Бұл әкелінген мал қашар, ұрғашы. Негізінен оны қолдан ұрықтандырып, сол ұрғашысын әрмен қарай өсіруге, бұқасын ет бағытында бордақылауға пайдаланамыз", – дейді шаруашылық директорының орынбасары Талайлы Бөріқұлақов.

Былтыр Қазалыдан Өзбекстан мен Иранға 150 тонна ет экспортталыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу