Қызылордаға Ресейден элиталық күріш тұқымы жеткізілді

941

Қызылордаға Ресейден элиталық күріш тұқымы жеткізілді

Қызылорда облысында биыл сұрыпты жаңарту және алмастыру мақсатында Ресейдің Краснодар өлкесінен жоспарланған 300 тонна элиталық күріш тұқымының 134 тоннасы "Агро Холдинг Байқоңыр" ЖШС-не жеткізілді, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Тұқымдық және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау мақсатында 4 930 416 теңге игеріліп, 2424 мәрте зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Атап өтер болсақ, Қызылорда облысында құйылған күріш тұқымының 9,6 тоннасы (0,04%) көбейтілген тұқым, 68,8 тоннасы (0,3%) супер элита, 848,1 тоннасы (3,6%) элита, 8308,5 тоннасы (35,6%) І репродукциялы тұқым, 9746 тоннасы (41.7%) ІІ репродукциялы тұқым, 3024 тоннасы (12,9%) ІІІ репродукциялы тұқым, 1300 тоннасы (5,5%) ІV репродукциялы, 50 тоннасы (0,1%) қатардағы тұқым болып отыр.

"Казагрэкс" сараптамалық зертханасының мәліметі бойынша ақ егіске дайындалған тұқымдардың ішінде күздік бидай тұқымы түгел кондицияға жеткізіліп себілген. Жаздық бидай тұқымы 684,3 тонна (100%), арпа тұқымы 218,4 тонна (100%), сұлы тұқымы 10,2 тонна (100%), жүгері тұқымы 2,6 тонна (100%), жоңышқа тұқымы 140,7 тонна (100%), түйе жоңышқа тұқымы 4,9 тонна (100%), мақсары тұқымы 108,72 тонна (100%) себу дәрежесіне жеткізілді. 

Қазіргі таңда шаруашылықтар бойынша себу дәрежесіне жеткізілмеген күріш дақылы тұқымын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

"2017 жылдың егісіне дайындалған жоғары репродукциялы 19 мың тонна күріш тұқымы бар, оның 6495 тоннасы шаруашылықтарға сатылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу