Қызылорданың 22 компаниясы Арысты қалпына келтіруге кірісіп кетті

1055

Қаладағы 104 көпқабатты, 7200 жеке тұрғын үй қорын жаңғыртуға еліміздің барлық облыстары атсалысуда.

Қызылорданың 22 компаниясы Арысты қалпына келтіруге кірісіп кетті

Арысты қалпына келтіруге алғашқылардың бірі болып іске кіріскен өңірлердің қатарында көршілес Қызылорда облысы да бар.
Арыстағы 17 сектордың барлығында жұмыс қызу. Қаладағы 104 көпқабатты, 7200 жеке тұрғын үй қорын жаңғыртуға еліміздің барлық облыстары атсалысуда.

Қызылорда облыстық сәулет, құрылыс бақылау басқармасының басшысы Марсбек Молдабаевтың айтуынша, 16 көшеде орналасқан үйлерді түгел жөндеп шығатын сырбойылық 22 мердігер мекеме анықталды. Жүк көтергіш, тасымалдағыш техникамен қоса құрылыс материалдарын жеткілікті ала келген. Сонымен қатар пластик терезе жасау, ағаш жону және темір-металл дәнекерлеу құрылғыларын да әкеліп, іске кірісіп кетті.

"Қазір бізде үш Камаз, үш Газель, 1 тиегіш қамтылған. Әзірге отыз адам жұмыс істеп жатса, болашақта құрылысшылар санын 120-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", – дейді Қызылорда облыстық сәулет, құрылыс бақылау басқармасының басшысы Марсбек Молдабаев.

Көбінде шатыр, есік-терезелері сынған үйлерді қалпына келтіру шараларына 10 бригада жұмылдырылған. Құрылысшылар берілген аумақтағы қалпына келтіру жұмыстарын тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу