Оның құрамында бірде-бір химиялық қоспа жоқ. Әтірдің жаңа түрі Таяу Шығыс елдерінде таныла бастаған.
Автор әмірлікте өз дүкенін ашып үлгірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Қазақ қызы ойлап тапқан таңдаулы парфюм араб қыз-келіншектеріне арналған. Кейінгі 5 жылдан бері Дубайда тұрып жатқан Әйгерім Ақбайдың қарамағында бірнеше адам жұмыс істейді. Әтірдің 40-тан астам түрін сатумен айналысады.
Соның ішінде шашқа арналған иісмай да бар. Ерекшелігі парфюм органикалық таза, химиялық қоспасыз әзірленген. Өнімді кез келген қыз-келіншек қолдана алады.
"Шынымен шашқа пайдалы және кастор майын қосып, қауіпсіз, хош иіс шығатындай, пайдалы болатындай жасадық. Тұтынушыларымыз жақсы көреді", – дейді парфюмер.
Әйгерімнің әтірге авторлық құқығы бар. Ресми дүкен іске қосылғалы 200 мың данасы сатылыпты. Өнім әмірліктегі зауыттың бірінде шығарылады.
Отандасымыздың қолынан шыққан туынды көп ұзамай Таяу Шығыс нарығынан да асуы мүмкін. Себебі іскер әйел мұнымен тоқтап қалғысы жоқ. Тұтас әлемге сән ғана емес, емдік мақсатта қолданылатын өнімдерін көптеп ұсынуға ниетті.