Қызылордалық бойжеткен жалған ақпарат таратқаны үшін қамалды

421

Ол жалған ақпарат таратып, полиция қызметкерлеріне құрметсіздік танытқан.   

Қызылордалық бойжеткен жалған ақпарат таратқаны үшін қамалды Фото: Видеодан скриншот

Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны Шұғыла Сәбит түнгі уақытта тыныштықты бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, ұсақ бұзақылық жасағаны және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот шешімімен қыз әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар оған әкімшілік айыппұлдар салынды және ресми ескерту берілді.

Қабылданған шаралардан кейін қыз әлеуметтік желілердегі тиісті жарияланымдарын өшірді.

Бұған дейін аталған қыз әлеуметтік желілерде өзін "күлгені үшін" жауапкершілікке тартты деген жалған ақпарат таратып, билік өкілдеріне құрметсіздік танытқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу