Қызылордалық диқандар жаңа рекордқа қол жеткізді

731

Биылғы жылы облыста суармалы су тапшылығы бұрынғыдан да өткір болғанына қарамастан жоғары өнім алынды. 

Қызылордалық диқандар жаңа рекордқа қол жеткізді

Қызылорда облысының күріш өсірушілері судың аздығына қарамастан, биыл жоғары өнім алды – 551 мың тонна. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Облыс диқандары биылғы жылы жақсы өнім ғана емес, сонымен қатар 1 гектардан орташа есеппен 61,8 центнерден күріш жинап, елдің астық сақтау қоймаларына 551 мың тонна күріш құйып, күріштің өнімділігі бойынша да, жалпы түсімі бойынша да рекорд жаңартты", – деп атап өтті әкімдікте.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2019 жылы Қызылорда облысының аграрийлері гектарынан орта есеппен 60,3 центнерден өнім жинады, ал жалпы облыс бойынша күріштен дәнді дақылдар жинау 530,5 мың тоннаны құрады.  

Сонымен бірге баспасөз қызметі Қызылорда облысында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ылғалды қажет ететін дақылдар егісінің төмендеуіне жыл сайынғы судың жетіспеушілігі әсер етеді.

Аймақта заманауи суару жүйелері – тамшылатып суаратын аквагельдер енгізілуде.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, қазірдің өзінде облыстың Жаңақорған ауданында аквагельдерді қолданудың жақсы тәжірибесі бар. Күздік бидай себілген 80 гектар жердің әр гектарынан орта есеппен 18 центнерден өнім алынды. Енді бұл тәжірибені облыстың басқа аймақтарына тарату жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу