Қызылордалық екі тұрғыннан 2038 киік мүйізі тәркіледі

420

Аталған азаматтар киік мүйізін қашаннан бері саудалап келеді?

Қызылордалық екі тұрғыннан 2038 киік мүйізі тәркіледі Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Қызылорда облысында полицейлер қырағылық танытып, 2 мыңнан астам киік мүйізін сатумен айналысқан екі тұрғынды қолға түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл бағытта Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. 

– Іс-шара барысында Арал ауданы Сексеуіл кентінде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлардың дериваттарды сатумен айналысатын адамдар құрықталды. Олардан 2038 дана киікті мүйізі, электрондық өлшегіш таразы және 2 көлік құралдары тәркіленді. Ұсталғандар тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу