Қызылордалық екі тұрғыннан 9 келі есірткі тәркіленді

538

Қызылорда облысында полицейлер жергілікті екі тұрғыннан 4,3 келі гашиш пен 4,8 келі кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қызылордалық екі тұрғыннан 9 келі есірткі тәркіленді

Қызылорда облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы күрес қызметі басқармасының қызметкерлері "Рефлекс-2022" ЖПІШ шеңберінде есірткіні сақтаған және таратқан 40 және 65 жастағы екі тұрғынды анықтады.

"Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 9 келіден астам ірі мөлшерде есірткі затын тәркіленді. Оның ішінде 4 келі 272 грамм "гашиш" және 4 келі 842 грамм кептірілген "марихуана" екені нақтыланды. Олардан заттай дәлелдеме ретінде есірткі затын өлшеуге арналған электронды таразы мен ақшалай қаражат тәркіленді", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция дпартаментінен.

Ведомство мәліметінше, күдіктілер қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу