Қызылордалық ғалым арпа мен бидайдың жаңа сұрпын шығарды

509

26 жылдан бері ғылым жолында зор табысқа жеткен Лаура Тохетова суармалы су тапшылығы мәселесін шешу жолында ізденістерге де ден қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордалық ғалым арпа мен бидайдың жаңа сұрпын шығарды Фото: canva.com

Табиғи селекциялық жолмен арпа мен бидайдың отандық 15 сұрпы пайда болды. Ал бір түрін шығару үшін 10-15 жылдай уақыт керек.

Бұл – Лаура Тохетованың ұзақ жылғы ізденісінің жемісі. Зерттеу кезінде селекция саласындағы озық технологияларды да пайдаланған. Соның бірі күріштің пісу кезеңін қысқартуға бағытталған.

"Былтыр алғаш рет осы кванттық технологиямен біз күріш сорттарын, яғни спутник арқылы, кванттық бөлшек деп аталады, сол арқылы біз күріштің өнімділігін 20%-ке көтердік. Сол арқылы біз осы күріш сорттарының вегетациялық кезеңін 10-15 күнге қысқарттық", - дейді ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Лаура Тохетова.

Лаура Тохетова – аграрлық ғылым саласы бойынша 300-ден астам мақаланың және үш монографияның авторы.

Оның ішінде 15 зерттеу еңбегі халықаралық беделді ғылыми басылымдарда жарық көрген. Осындай бастамалары үшін Мемлекет басшысының стипендиясына лайық деп танылып, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу