Қызылордалық кәсіпкер әкімшілік кедергілер кесірінен жер учаскесін ала алмаған

486

Кәсіпкердің өтінішіне сәйкес, жергілікті атқарушы орган 0,01 га. жер учаскесін сатып алуға аукцион өткізу туралы шешім қабылдады.

Қызылордалық кәсіпкер әкімшілік кедергілер кесірінен жер учаскесін ала алмаған Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер жер учаскесін алу кезінде әкімшілік кедергілерге кездескенін айтып өтініш білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz 
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, кәсіпкер жергілікті атқарушы органнан жылыжай салу үшін Қызылжарма ауылында 0,01 га жер учаскесін сұраған. Алайда уәкілетті орган кәсіпкер сұраған жерден  үш есе көп 0,03 га жер учаскесін аукционға қойған.

"Салдарынан тиісті қаражаты болмай кәсіпкер бұл аукционға қатыса алмаған. Департамент жауапты сала мамандарының қатысуымен жиын өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде кәсіпкердің өтінішіне сәйкес, жергілікті атқарушы орган 0,01 га. жер учаскесін сатып алуға аукцион өткізу туралы шешім қабылдады. Осылайша кәсіпкер аукционға қайта қатысуға мүмкіндік алды", - делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу