Қазір бөдене шаруашылығын дөңгелетуде. Ол бөдене бағудың қыр-сырын жақсы меңгерген.
Күніне 1 мыңнан аса жұмыртқаны саудаға шығарады. Оған қоса бөдене етімен аудандағы мейрамханалар мен тамақтану орындарын қамтамасыз етіп, Астана қаласына да жөнелтетін көрінеді.
"Мен "Ауыл аманаты" жобасымен 3 млн теңге көлемінде несие алдым. Оған 2 мыңнан астам құс және қажетті жабдықтар сатып алдым. Жергілікті тұрғындардың арасында осы өнімге деген сұраныс жоғары. Осыған байланысты небәрі бір айдың ішінде кәсібім өрге асты. Қазір 1 млн теңге табыс табуға мүмкіндік туып тұр. Бөдене әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды", – дейді ол.