Қызылордалық кәсіпкер тойхананы тігін фабрикасына айналдырды

Кәсіпкерінің көбі кафе мен мейрамхананың лентасын қиюға бейім елде тауарөндірушілердің қатары аз болуы түсінікті жайт. 

Қызылордалық кәсіпкер тойхананы тігін фабрикасына айналдырды Фото: Дінмұхамед Абызов

Қаржы айналымы көп той-думан, ойын-сауық бизнесінен бас тартып, өндіріске бет бұру кез келгеннің қолынан келе бермейді. 

Ел тұрғындары мұндай процеске 2020 жылдары төтенше жағдай, карантин уақытында жиі куә болған-ды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Dalatex" тігін фабрикасы жұмысын әуелде шағын цехтан бастаған. Бүгінде көлемі үлкен фабрикаға айналып отыр. Бір қызығы, ғимарат ретінде Қызылорда қаласындағы мейрамхананың бірін таңдаған.

- 2016 жылы кәсібімізді шағын цехтан бастадық, осы аралықта талай қиындықтан өттік, айтарлықтай табысқа да жеттік. Қазіргі шешіміміз өндірістік мүмкіндігімізді кеңейтеді. "Бәйтерек" мейрамханасының ғимаратына көшіп отырмыз. Енді жақын арада тұтынушыларымызды сапасы мен стилімен қуантатын жаңа киім топтамасын шығарамыз. Ең бірінші, сапаға мән береміз. Бізде әр қызметкер өз жұмысын жақсы біледі, - деді "Dalatex" ЖШС директоры Дінмұхамед Абызов.

Осы күні ерлер, әйелдер және балалар жейдесін, сондай-ақ, әртүрлі арнайы жұмыс киімін, күштік құрылымдардың формасын тігеді. Фабрика 80 адамды жұмыспен қамтып отыр. Болашақта тапсырыстарды арттыру арқылы жұмысшылардың да санын көбейтуді жоспарланған. 

- Жеңілөнеркәсіп саласы елде дамып келеді. Осыған дейін біздің команда көп қиындықты бастан өткерді. Мінеки, жұмысымызды кең ғимаратта және жайлы жерде жалғастырып, өнімділікті арттыруға күш саламыз, - дейді кәсіпкер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу