"Сауда үздігі – 2019" байқауында қызылордалық кәсіпкерлер топ жарды

2794

Республикалық байқауға әр түрлі номинациялар бойынша Сыр бойынан 7 кәсіпкер қатысып, 6-уы жеңімпаз атанды.

"Сауда үздігі – 2019" байқауында қызылордалық кәсіпкерлер топ жарды

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында "Сауда үздігі – 2019" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен "Атамекен" ҰКП мен Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының бірлесіп өткізген байқауы биыл Павлодар қаласында өткен болатын.

"Үздік сауда базары" номинациясы бойынша: Жаңақорған ауданының "Нұр" базары 2-орынға, Қызылорда қаласындағы "Сәулет" базары 3-орынға;

"Үздік сауда-ойын сауық орталығы" номинациясы бойынша: "Энергомера" ЖШС 3-орынға;

"Үздік жол бойы сервисі" номинациясы бойынша: Қазалы ауданындағы ЖК "Байсуганова А." 1-орынға, Қармақшы ауданындағы ЖК "Рагибаева Г." "Ақсарай" кешені 3- орынға;

"Үздік демалыс аймағы" номинациясы бойынша: Қызылорда қаласындағы "Кристал строй-KZ" ЖШС-нің "Sultan Plaza" қонақ үй кешені 3-орынға ие болды.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу