"Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылына" орай Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" жергілікті бизнес өкілдерінің жұмысын жеңілдету мақсатында жаңа сайтты іске қосты.
Аталған сайт қызметі бес бағыт бойынша түрлі кеңестер беріп, қажетті құжаттардың шарттарымен танысуға және алуға көмектеседі. Сонымен қатар, кәсіпкерлер тегін ресурс арқылы кәсібін, өндірген өнімдерін халыққа көрсете алады. Мәселен, "БИЗНЕС-НАВИГАТОР" бөлігінде кәсіпкерлердің халыққа көрсететін қызметтерін, шығаратын өнімдерін жарнамалауға мүмкіндік береді. Ол үшін бар болғаны KASIPKER.ONLINE сайтына тіркелу қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу