Қызылордалық креаторлар Астанада 12,1 млн теңгенің өнімін сатты

182

Екі күнде жәрмеңкеге 4,9 мыңға жуық адам барды.  

Қызылордалық креаторлар Астанада 12,1 млн теңгенің өнімін сатты Фото: gov.kz

12-13 қыркүйекте Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq жобасы аясында Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі күн ішінде жәрмеңкеге 4,9 мыңға жуық адам келіп, өңір креаторлары жалпы құны 12,1 млн теңгенің өнімін сатты.

Жәрмеңкеде ұлттық музыкалық аспаптар, кілемдер мен картиналарға сұраныс жоғары болды. Сонымен қатар зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, ағаш пен сүйектен жасалған бұйымдар және басқа да авторлық өнімдер ұсынылды.

Іс-шарада креативті индустрияның 21 бағыты бойынша өнімдер мен жобалар таныстырылды. Көпшілікке Qyzylorda Hub-тың цифрлық әзірлемелері мен өңірдегі заманауи медиа жобалар да ұсынылды.

Жәрмеңке аясында "Анаға тағзым" креативті индустриялар орталығында әзірленген Syr Style Collection сән топтамасының таныстырылымы өтті. Коллекцияда ұлттық нақыш заманауи дизайнмен үйлесім тапқан.

Бұдан бөлек, ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сабақтары, концерттік бағдарлама және сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Келушілер "Алтын домбыра", "Күміс домбыра" сияқты музыкалық аспаптармен және өңірдің көрнекті тұлғаларына қатысты тарихи-мәдени жәдігерлермен танысты.

Жәрмеңке Қызылорда облысының шығармашылық әлеуетін танытып, жергілікті шеберлер мен дизайнерлердің өнімдерін ілгерілетуге мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу