Түркияның трансвеститтер клубында демалған қызылордалық мұғалімдер жұмыстан шығарылған

14077

Қысқы демалыста Түркияға демалуға барған қызылордалық мұғалімдердің басы дауға қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты zhasalash.kz порталына сілтеме жасап.

Түркияның трансвеститтер клубында демалған қызылордалық мұғалімдер жұмыстан шығарылған Фото: canva.com

Шетелде демалып жүрген мұғалімдер трансвеститтер клубына барып, көңіл көтерген.

Мұғалімдердің бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желі арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап етіпті.

Бейәдеп қылық көрсеткен Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері болып шықты.

"Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің "магистр" атағы да бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқыладық, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Ол кісілер тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды", – дейді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу