Қызылордалық оқушы Алима Баймұхамбетова әлемнің төрт университетіне шақырту алды

452

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Алима Баймұхамбетова АҚШ пен Германияның беделді жоғары оқу орындарына шақырту алды.   

Қызылордалық оқушы Алима Баймұхамбетова әлемнің төрт университетіне шақырту алды Фото: gov.kz

Атап айтқанда, Drexel university, Аrizona state university және Jacobs university дарынды оқушының жоғары білімі мен жан-жақтылығы ерекше қызықтырып, әртүрлі көлемде жеңілдіктер ұсынып отыр. Ал американдық Vanderbilt university Алиманың оқуына толықтай грант бөлуге дайын екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Вандербильт университеті – АҚШ-тың  инженерия, технология мен медицина-биологиялық ғылымдар саласындағы үздік жоғары оқу орындарының бірі және әлемдегі ең үлкен зерттеушілік базасы бар университеттердің қатарында 14 орында тұр.

Алима бұл университетте инженер мамандығы бойынша білімін жалғастыруға шешім қабылдап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу