Соңғы күндері Қызылорда қаласында ауа-райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты қалалық білім бөлімі 3 ақпанда мектеп оқушылары қашықтықтан оқытылатынын хабарлады.
"Қалада ауа-райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 0-11 сынып оқушылары 3 ақпанда қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, Қызылорда қаласында күн бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады", - деп жазылған хабарламада.