Қызылордалық полицейлер 25 келіден аса есірткі затын тәркіледі

458

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызылордалық полицейлер 25 келіден аса есірткі затын тәркіледі Фото: Polisia.kz

Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері 25 келіден аса есірткі затын тасымалдаған екі азаматты ұстады, деп жазады Inbusiness.kz ІІМ-нің ресми интернет ресурсына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, "Қарасора" іс-шарасы барысында Арал ауданы тұсында Самара - Шымкент тас жолында жол ережесін бұзған Toyota автокөлігі тоқтатылған.

“Тексеру барысында көліктен сөмкеге салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат 25,2 кг астам "кептірілген марихуана" екендігі нақтыланды. Көлікті тізгіндеген 43 жастағы жүргізуші мен 43 жастағы жолаушысы Атырау облысының тұрғындары болып шықты”, - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу