Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

441

Күдікті елорда аумағында құрықталған.  

Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады Фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Өзбекстан елінің азаматын қолға түсірді, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, облыстық Полиция департаменті криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

"ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) және ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша күдікті қатарында танылып, 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Өзбекстан елінің тұрғыны құрықталды. 2018 жылы күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау"түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер күдіктіні Астана қаласында аумағында ұстаған", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда ол Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу