Қызылордалық шаруалар биыл 160 мың га алқапқа егін екпек

684

Қызылордалық шаруалар биыл 160 мың га алқапқа егін екпек

Сыр диқандары көктемгі дала жұмысына кірісті. Қазір жер жырту, топырақ тегістеу және тұқым дайындау жұмысы қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Қызылордалық шаруалар биыл 160 мың га алқапқа егін екпек. Оның 78 мың гектары өңірдің басты дақылы – күрішке тиесілі. Диқандар негізінен ресейлік сұрыптарды таңдап отыр.

Биыл жергілікті ғалымдар өндірістік сынақтан өткізген "Айсәуле" тұқымы да егіледі. Жаңа күріш тұқымының шығымдылығы мен дәмдік қасиеті көңілден шықса, жаппай қолданысқа енгізіледі.

Көктемгі дала жұмысына жеңілдетілген 16 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Аймақтағы арық-атыз, су арналары ашылып, гидроқұрылғылар қалпына келтірілді. Соқа-кетпені сайлаулы Сыр диқандары сәуірдің ортасынан ауа дән себуді бастайды.

"Бақша, картоп дақылдарына биыл субсидия төленбейді. Облыста басымдыққа ие дақылдарға келетін болсақ, мысалы, күріш, сол сияқты биыл егілген жоңышқа, сүрлем жүгері, содан кейін майлы дақылдардың барлығына, жылыжайда өсірілген, қорғалған топырақта өсірілген ауыл шаруашылығы дақылдарына биыл субсидия төленеді", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Омархан Пәшкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу