Қызылордалық түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады

138

Балхан Альфия ҚАЗТЕСТ сертификаты арқылы балдарын конвертациялап, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.  

Қызылордалық түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі телеграм

Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия негізгі ҰБТ-да 140 балл жинады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 1 шілдеде Қызылорда қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында ол "Қазақ тілі – Қазақ әдебиеті" пәндер комбинациясы бойынша емтихан тапсырып, 138 балл алды. Кейін ҚАЗТЕСТ сертификаты арқылы "Қазақ тілі" пәні бойынша балдарын конвертациялап, жалпы нәтижесін 140 балға жеткізді.

"Мен 11-сыныптың алдында ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Менің арманым – педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу. Кішкентайымнан қазақ классикасын оқуға құмармын, ал менің сүйікті шығармам – Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы. Әдебиетке деген сүйіспеншілігім мені ұстаз болуға және ана тілімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті жас ұрпақтың бойына сіңіруге жетеледі. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғысымды білдіремін", – деді Альфия.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир де 140 балл жинаған болатын. Негізгі ҰБТ-ның жеті аптасында 340 мыңға жуық рет тест тапсырылды. Шекті балды талапкерлердің 70%-ы жинаса, бес пән бойынша орташа көрсеткіш 66 балды құрады. Биыл негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін екі мүмкіндікті есепке алғанда 240 мыңға жуық талапкер 446 мыңнан астам өтініш берген. Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу