Қызылордалық тұрғындар автобусты ерекше аялдамада күтеді

Бұл аялдама – Сыр құтқарушыларының екінші креативті жобасы.

Қызылордалық тұрғындар автобусты ерекше аялдамада күтеді Фото: Қызылорда ТЖД

Бұған дейін қала аумағындағы Саламатов көшесі бойында орналасқан өрт сөндіру автокөлігі кабинасынан аялдама жасалған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Аялдама көптің қызығушылығын тудырып қана қоймай, оқушыларға, тіпті темір тұлпар тізгіншілеріне де өрт қауіпсіздігінен сыр шертеді. Сондай-ақ, "Мен өрт сөндіруші боламын" деп талап білдірген жастарға да нағыз көмекші құралға айналмақ.

- Ерекше аялдама тұрғындар мен қала қонақтары жиі бас сұғатын орталық аймақтың бірі – Жеңіс көшесі бойында орналасқан №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында бой көтерді. Бұл қаланың көркіне креатив сыйлайды әрі сол арқылы өрт сөндірушілердің имиджін көтереді деп ойлаймыз, - дейді Қызылорда облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі" ММ бастығының міндетін атқарушы Нұрбол Исанов.

Осы кездің өзінде қала тұрғындары мен аялдама маңынан өткен әрбір жолаушы фотосуретке түсіп, ерекше әсер алып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу