"Ел үлесі пәтерге жобасы" аясында Қызылордалық үш отбасыға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды ҚМДБ өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі.
Құрбан айтта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітіне айт намазын оқуға жиылған жамағат алдында республика бойынша №109 пәтер кілтін табыс етті.
Дәл осы сәтте, Қармақшы аудандық мешітінде екі отбасыға №110, №111 пәтер кілті табысталды.
Сонымен қатар, мұсылмандардың ұлық мерекесінде Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында кезекті пәтердің қазығы қағылып, құрылысы басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу