Қызылордалық жас өнертапқыш асқабақтан бетке арналған маска мен сабын жасайды

779

Қызылордада 5 сынып оқушысы Айша Тұрмахан 2-7 сынып оқушылары арасында өткен облыстық "Зерде" зерттеу жобалары байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Жас өнертапқыш асқабақтан бетке арналған маска мен сабын жасайды, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Қызылордалық жас өнертапқыш асқабақтан бетке арналған маска мен сабын жасайды Фото: gov.kz

Ақпаратқа сәйкес, оқушы жетекшісімен бірге бет маскасының екі түрін (шикі және қайнатылған асқабақтан) және асқабақ қосылған сабынның үш түрін ұсынды. Атап айтқанда, біріншісі – әртүрлі майлары бар экосабын, екіншісі –  желатин қосылған түрі, үшіншісі –  сұйық сабын.

Асқабақ – пайдалы дәрумендер, минералдар, қышқылдар және басқа да микроэлементтерге бай. Одан дайындалған маскалардың терінің сұлулығын сақтауда көмегі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу