Қызылордалық жас өнертапқыш зағип жандарға арналған мобильді қосымша жасап шықты

819

Азамат Ибрагим зағип жандарға арнап жасаған "Janarym AI" мобильді қосымшасын жасап шығарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордалық жас өнертапқыш зағип жандарға арналған мобильді қосымша жасап шықты Фото: canva.com

Өнертапқыштың аталған жобасы облыстық "Smart city Kyzylorda" IT жобалар байқауында "Әзірлеу бағыты" бойынша 3-орынға лайықты деп танылды.

"Мобильді қосымша арқылы тұрғындар волонтерге видеоқоңырау, ақылды камера, инклюзия академиясы, инклюзивті қоғамдастық сынды бірегей функцияларға ие болады. Үлкен волонтерлік жүйені қалыптастыру жолында, еріктілерді ынталандыру жолы қарастырылған. Бұл мақсатта бонустық жүйе ойластырылған", - деді ол.

Жобаның интерактивті, сандық прототипі дайындалды. Алдағы уақытта аталған жобаның техникалық әзірлеу сатысы әзірленеді.

Сол арқылы ерекше жандар үшін қолайлы әлеуметтік орта жасау ойластырылған.

"Осылайша, жоба инклюзивті, цифрлық бағытта өз жұмысын жүргізеді. Жоғары жылдамдықты интернет, GPS, камерамен жабдықталған смартфон және "Jañarym AI" қосымшасы арқылы зағиптар күнделікті тұрмыста кездескен тосқауылдар мен қиындықтарды оп-оңай шеше алады. Атап айтсақ, жолда адасқан зағип жан қосымшаны ашып, камераны айналаға бағдарлайды. Ал оған енгізілген жасанды интеллект алдындағы тосқауылдар мен жол жүру белгілерін анықтап, қолданушыға ауызша хабарлайды. "Карта-навигатор" цифрлық сервисі жол сілтейді", - деді Азамат Ибрагим.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу