Сырбойылық автокөлік жүргізушілері өткен жылы 1071 жоғары сұранысқа ие нөмірді сатып алған. 2023 жылы мамандандырылған ХҚКО-лар 30 мыңға жуық "ерекше сандарға" мемлекеттік тіркеу нөмірін берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.
Ел есінде тез жатталатын нөмір үшін қазақстандықтардың 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсағаны белгілі болған. Жалпы, елімізде VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі осыдан 10 жыл бұрын енгізілген еді.
- 2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлердің көшін бастады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрады. VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өткім келеді. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК, яғни 2024 жылы көрсеткішпен есептесек 1 052 220 теңге тұрады, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" МК Қызылорда облысы бойынша филилының, фронт-офисттерді үйлестіру басқарма басшысы Гүлназ Өмірзаққызы.
Қызылордалық автокөлік жүргізушілері 2023 жылы 1071 жоғары сұранысқа ие VIP-нөмірлерге тапсырыс беріп, бюджетке 334 013 535 теңге қаражат түсірген.
Жалпы, 2023 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында республика бойынша 3,2 миллионнан астам көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі берілген.