Қызылорданың бірқатар ауданында төтенше жағдай жарияланды

672

Қызылорданың бірқатар ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қызылордалықтар Сырдария арнасы арқылы келетін мол суды қабылдауға тыңғылықты дайындалып жатыр.

Өзен бастауындағы мұздықтар еріп, Қайраққұм, Шыршық су қоймаларынан секундына 2 мыңға жуық текше метр су төмен тасталған. Қазірдің өзінде Шардара мен Көксарай лық толы. Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

Мамандар мол су дария арнасынан асатын болса, өзен бойындағы 56 елдмекенге, 67 шақырым автожол, 207 шақырым теміржол мен 130 шақырым электр желісіне қатер төнуі мүмкін екендігін айтады. Қазір өңірдегі ірі арық-атыз, ойпат-шұқыр, су жолының барлығы аршылып, су қабылдауды бастады.

Төтенше жағдай жарияланған Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінің дария беткейін нығайту үшін қойтастар жеткізіліп жатыр. Қаратау тастарын тиеген жүк көліктерінің керуені қауіпті аймақтарды түгел қамтып шықпақ.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл екендігін түйсінген ауыл-аймақ жұрты тасқынға тосқауыл болуға түгел атсалысып жатыр. Құтқарушылармен бірге елдімекен және саяжай тұрғындары бөгетті нығайтып, керек кезде көшіру жұмысына қол ұшын беруге әр кез дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу