Қызылорданың қақ ортасындағы мөлтек ауданды қызыл су басты

1116

Қызылорданың қақ ортасындағы мөлтек ауданды қызыл су басты

Сырдария тасып 45 үйдің қора жайын су басып қалды, деп хабарлайды КТК.

Қызылорда қаласының қақ ортасында орналасқан "Арай" мөлтек ауданын су басты. Тасқын түнгі уақытта болғандықтан біразының үй жануары мен құстары қырылып қалыпты.

Арнасынан асқан дәрияға жер астынан көтерілген су қосылған. Дарияға жақын орналасқан үйлердің тұрғындары аулаларына құм төсеп, барынша қызыл судан өз бетінше қорғануда. 

Жергілікті билік бұл жерде қыста тұруға рұқсат жоқ. Қауіпті аймақта негізінен қора жай болғандықтан адамдар көктемде көшіп келіп, күзде көшіп кету керек деп отыр. Ал тұрғындардың басқа барар жері жоқ. 

Жалпы Қызылорда облысында 56 қауіпті аймақ бар екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу