Қызылорданың мектебі Жапония елшілігі ұйымдастырған жобадан автобус ұтып алды

553

Мектеп ауласында жаңа автобустың лентасы қиылды. 

Қызылорданың мектебі Жапония елшілігі ұйымдастырған жобадан автобус ұтып алды Фото: gov.kz

Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі Жапония елшілігі ұйымдастырған "Шөп тамыры" гранттық жобасы арқылы автобус ұтып алды, деп жазады inbusiness.kz Қызылорда қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Шараға қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ төрайымы Орынша Міржақыпқызы қатысып, мектеп ұжымын құттықтады.

Мұндай қуанышты хабар мектеп-лицейдің ата-аналары мен педагогтерін, қызметкерлерін бейжай қалдырмады. Тарихи сәтті ата-аналар мен мектеп оқушылары бірге тамашалады.

Шараның екінші кезеңі "Мектебіңе бір тал сыйла" акциясы аясында мектеп-лицей  ауласына көшет, гүл отырғызуға ұласты. Акцияға мектептің барша қызметкерлері мен ата-аналары қатысты. Акция барысында "Есетов саябағы" ашылып, саябаққа туя, терек, жеміс ағаштары отырғызылды. Бұл күні 1500 ағаш көшеттелді. Осындай игі шараға ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналары да белсене араласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу