Қызылорданың Шалқия аулында қой қырылып жатыр

2071

Қызылорданың Шалқия аулында қой қырылып жатыр

Қызылорда облысы Шалқия аулында 116 қой қырылып қалды. Қырылған қойдың "Лептоспироздан" өлгені расталса, өтемақы төленеді. Бұл туралы аймақ әкімі айтты, деп хабарлайды astanatv.kz.

Облыстық ветеринария басқармасының брифингінде қой "Лептоспироз" дертінен қырылуы мүмкін деген болжам айтылды. Өлекселерді өртеп, залалсыздандыру шаралары жасалған. Қан сынамалары алынып, Жаңақорған аудандық зертханасына жеткізілген. Қорытынды 10-20 күн аралығында дайын болмақ.

Мамандар "Лептоспироз" дерті малдан адамға жұғатынын айтады. Сондықтан, мал иесіне де дертке қарсы дәрі егіпті.

Жұқпалы аурулар қатарына енгізілген "Лептоспироз" ауруы дәл осы Жаңақорған ауданында осыдан үш жыл бұрын анықталған.  

"Комиссия бүгін зерделеу жұмыстарын жүргізуге кетті. Біз қазіргі неден болғаны нақты айта алмаймыз. Ағын су, тоқтап қалған су, сол шалшық судан отравление болуы мүмкін, мысалы, ішкен судан. Болмаса, азығынан отравление болуы мүмкін. Енді қазіргі таңда болжамды диагнозы бойынша "Лептоспироз" ауруына күмәнді болып тұр. Лаборатория қорытындысы "Лептоспироз" ауруына нақты диагноз беретін болса, шығын өтелетін болады", -  дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу