Алдағы жылдан бастап облыс орталығының перспективалық дамуы дарияның сол жағалауында жүзеге асырылатын болады, деп хабарлады strategy2050.kz.
"Мостоотряд-25" компаниясы жүргізіп жатқан құны 6 млрд теңгеге жуық көпір құрылысы осы қараша айында ел игілігіне беріледі. Ұзындығы – 387 метр, алені 22,4 метрді құрайтын нысан құрылысы біткенде ұлы дарияның сол жақ бөлігін игеру басталады. Онда қаланың жаңа әкімшілік орталығын қалыптастыру қарастырылған.
Аумағы 1532 гектар болатын жаңа қалада 3 млн шаршы метрді құрайтын тұрғын үй кешені орналасады. Бұл 2025 жылға дейін 50 мыңнан астама дамды баспана мен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жоба аясында 16 мектеп, 12 балабақша және 4 денсаулық сақтау мекемесі, 15 мың көрерменге арналған стадион және тағы басқаны сандардың құрылыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, мұнда 5, 9 және 12 қабатты құрайтын тұрғын үй кешендері бой көтереді. Қаланы салушылар архитектураның шығыстық стиліне тоқталыпты.
Сол жағалау бөлігінде жаяу жүргіншілерге арналған бульварлар, субұрқақтар мен жасыл аймақтар, мейрамханалар желісін салу көзделіп отыр. Бір сөзбен айтқанда,мұндағы жаңа қала барлық озық талаптарға сайкеледі.
Орайлы тұста Азия даму Банкі Қызылорда қаласының сол жағалауын дамытуға қажетті инженерлік инфрақұрылым,тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды салу жобаларына қаржы құймақшы. Аталған банк бұл жобаны "ақылды" қаланы дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық кешенді бағдарлама ретінде іскеа сыруға ниеттеніп отыр.
Келешекте сол жағалау толықтай игерілгенде жаңа мекенге 150 мың адамды қоныстандыру жоспарланған. Бұл жобаға қоса,бас жоспарға сәйкес Сұлтан Бейбарыс көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықта Сырдария өзенінің бойында ұзындығы 7 шақырымды құрайтын айналма жол салынуда.Алдағы уақытта осы жолды жағалай көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Сонымен, бірегей жоба сәтімен жүзеге асқан кезде Сырдың басқаласы жаңаша келбетке ие болады. Ал ең бастысы, қаланың аумағы кеңеюі мен қатар,оның экономикалық дамуыда қарыштап алға басады.