Қызылорданың Тоқпақ көлінде 6 тоннадан астам балық қырылып қалды

1929

Тоқпақ көлі жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне кірмейтін негізгі балық түрі – табан болып саналады. 

Қызылорданың Тоқпақ көлінде 6 тоннадан астам балық қырылып қалды

Экологтар мен ветеринарлық қызметтер Қызылорда облысы Арал ауданындағы Тоқпақ көліндегі балықтың жаппай қырылу себебін зерттейді, деп хабарлады Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 4 қыркүйекте облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына Тоқпақ көлінде балықтың қырылуы туралы хабарлама келіп түскен.

Осыған байланысты комиссия құрылып, оның құрамына "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Арал филиалы, "Казгидромет"  РМК филиалы, Арал ауданының ветеринарлық қызметі, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ТЖ және экология департаменттері қызметкерлері кірді.

"Су айдынының жағалау жиегі тексерілді. Өлген балық саны 6,4 тоннаны құрады. Қырылған балықтың 96% – табан шабақтары, қалғандары – торта, чехони, сазан және көксерке шабақтары. Көлден зертханалық зерттеулер мен санитарлық-химиялық талдаулар үшін су мен балық сынамасы алынды. Қазіргі уақытта өлген балықты жинау және кәдеге жарату жұмыстары жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу