Қызылша: 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр

Оның ішінде 1 жасқа дейінгі – 15 бала бар. 

Қызылша: 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 1 жасқа дейінгі – 15 бала бар", – деді министр.

Эпидемиологтар 2023 жылы әлемде қызылшаға тән кезекті циклдік көтерілу, сонымен қатар, халықтың иммундық емес тобының жинақталуы инфекция толқынын күшейтетінін атап өтті. 

"БҰҰ деректері бойынша, әлемде 67 миллионнан астам бала пандемияға және вакциналарға деген сенімнің төмендеуіне және басқа да бірқатар факторларға байланысты жоспарлы иммундауды өткізіп алды. Осыған байланысты, 415 мыңнан астам жағдай тіркелген әлемнің 167 елінде қызылша бойынша жағдайдың күрделенуі байқалады", – деп қосты ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу