Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

234

Өткен аптада қызылшаның 94 жағдайы тіркелді.

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді Фото: onclinic.ua

Республикада қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен аптада қызылшаның 94 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 72 жағдайға төмендеуі байқалады. Шілде айының басынан бастап көкжөтелмен сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісі байқалады, соңғы аптада көкжөтелдің 60 жағдайы тіркелді. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 50 жағдайға төмендеді", - деді ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова.

Спикердің айтуынша, қызылша мен көкжөтел көбінесе екпе алмаған балалардың арасында тіркеледі.

"Бұл ауруға шалдыққан балалар санының 80 пайыздан 90 пайызға дейін құрайды. 61% жағдайда балалар екпеден бас тартқан, тағы 22%-ы медициналық көрсетілімдерге, 17%-ы егу мәртебесіне жетпеуіне байланысты екпе алмаған", - деп толықтырды Зауре Ахметова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу