Қызылша дерті өршіп тұрған өңірлер аталды

309

Қазақстанда қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.

Қызылша дерті өршіп тұрған өңірлер аталды Фото: freepik

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл дерт барлық өңірде тіркелді.

"Оның ішінде ең жоғары деңгей Шымкент, Алматы қалаларында, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалып отыр. Сырқаттанушылықтың күрт өсуі биылғы қыркүйектен бастап ұйымдасқан ұжымдарда, яғни оқу жылында балалардың жиналуына байланысты байқалады. Салдарынан сырқаттанушылық деңгейі екі есе өсті", - деп толықтырды министр. 

Ведомство басшысы қараша айында қызылшаның 6 мыңнан астам жағдайы тіркелгенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу