Қызылша екпе алмаған балалардың арасында жиі тіркеледі

459

Әсіресе бұл ауру Алматыда өршіп тұр.  

Қызылша екпе алмаған балалардың арасында жиі тіркеледі Фото: Поликлиника.ру

Қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жылдың басынан бері елімізде қызылшаның 11 057 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, 2,7%-ы – жасөспірімдер арасында, 13,8%-ы – ересек адамдар арасында. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркеліп отыр. Жоғары деңгей Алматыда – 2031 жағдай, Шымкентте – 2026 жағдай, Жамбыл облысында – 1392, Алматы облысында – 1111", - деді вице-министр.

Айжан Есмағамбетованың сөзінше, көп жағдайда екпе алмаған балалардың арасында ауру тіркелген.

"60%-да балалар егуден бас тартуға байланысты, 18,3%-да – медициналық қарсы көрсетілім бойынша, 21%-да егу жасына жетпеуіне байланысты егілмеген", - деп түсіндірді ол.

Қазіргі уақытта қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірқатар шара жүргізіліп жатыр. Оның ішінде қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация да бар.

"Қазіргі эпидемиологиялық жағдай қызылшаның 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелуімен сипатталып отыр. Бұл барлық жағдайдың 65%-дан астамын құрайды", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу