Қызылша өршіп барады: Балалар онлайн оқи ма?

481

Елімізді қызылша ауруы өршіп барады.

Қызылша өршіп барады: Балалар онлайн оқи ма? Фото: Inbusiness.kz

Қазір Астана ауруханаларында қосымша төсектер қойылып жатыр. Дәрігерлердің де жүктемесі артқан. Күні кеше елге 500 мың доза вакцина жеткізілді. Енді балаларға екпе салу қажет деген ақпарат тарай бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл жоспарды орындау саясаты ма? Әлде індет расымен белең алды ма?

Елордада жедел жәрдем шақыратындар саны 2 жарым есе өскен. Нөмірі 3-ші балалар ауруханасының дәрігерлері көлік әр 5-10 минут сайын науқас балаларды әкеп тастайтынын айтады. Ауру жас талғамайды. Әсіресе 1 мен 7 жас аралығындағы балаларда індет асқынып тұр.

"Жалпы біздің аурухана 300 орындық. Бірақ аурулар санының көбеюіне байланысты бүгінде 500-ге дейін төсек орны көбейді. Оның ішінде 200-і қызылшамен ауырып жатқаны. Қалғаны әртүрлі инфекциялар", - дейді №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова.

Қазір жұқпалы аурулар стационарының жүктемесі артқан. Дәрігерлердің айтуынша, науқас балалардың 96 пайызы вакцина алмаған.

Қазір 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Соның екеуі жасанды тыныс беру аппаратына қосылған. Олардың біреуі бес айлық, екіншісі бір жастан асқан. Балалардың реанимацияда жатқандарына 5 күн болды. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің жағдайы әлі де ауыр.

"Егер шешесі бұрын қызылшамен ауырса, бала жеңіл ауруы керек. Соған қарағанда шешелері ауырмаған және егілмеген. Бұрын егуге ешкім қарсы болмайтын. Онда дәрігердің сөзі өтетін. Егу керек деп. Қазір бәрі сенбейді", - дейді сала сарапшысы Бақыт Түменова.

Індет қазан айынан өрши бастаған. Министр Ажар Ғиният аурудың Астанадан бөлек, Шымкент, Маңғыстау, Ақтөбе қалаларында қатты таралып жатқанын айтады.

"Өзімнің немеремді алып барып, қызылшаға қарсы егіп, бар вакцинаның қауіпсіздігін, тиімділігін көрсеткенмін. Инцефалин сияқты, пневмания, немесе құлақ ауруы, миға шабатын ауру әртүрлі сондай асқынулар бар. Сондай болмау үшін барлық халықты қызылшаға қарсы иммунитет жоқ. Әсіресе балаларыңызды вакцинациядан өткізулеріңізді сұраймын", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Бұл вирустан құтылудың бір жолы – екпе салдыру. Барлық маманның айтатыны осы. Ал күні кеше елімізге 500 мың доза вакцина әкелінді. Ел арасында бұл бекітілген жоспарды орындау саясаты емес пе деген дүдәмал ой да жоқ емес.

"Кей уақыттарда үкімет аурудың қай бағытқа бара жатқанын байқап, алдын ала осындай вакциналарды әкеле бастайды. Ол өздерінің қызметтік міндеттері ғой. Содан кейін барып халыққа жаңағыдай деректерді береді. Мынандай пайыз қызылша ауруы кетіп бара жатыр. Мен бұны алдау деп айтқым келмейді", - дейді саясаттанушы Дос Көшім.

Оқу кестесінде өзгеріс бола ма, жоқ па белгісіз. Қала әкімдігі әзірге нақты шешім қабылдамапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу