Қызылша өсірушілер өнімдерін өткізу үшін зауыт алдында түнеуге мәжбүр

1541

Жоспарға сәйкес биыл шаруалар 400 мың тонна қызылша жинап, одан 40 мың тонна қант өндірілуі керек болған.

Қызылша өсірушілер өнімдерін өткізу үшін зауыт алдында түнеуге мәжбүр

Қызылша өсірушілер өнімдерін өткізе алмай әбігерге түсуде. Алматы облысындағы Көксу қант зауытының алдында камаз, трактор және өзге де ауыр жүк көліктерінен құралған ұзынсонар кезек түзілген, деп хабарлайды Atameken Business.

Жиған өнімдерін өткізу үшін бағбандар тәуліктеп көліктерінде қонуға мәжбүр. Шаруалар зауыт басшылығының тауарды тек күндізгі уақытта алатындарына, сондай-ақ, қабылдау пункттеріндегі тәртіпсіздікке шағымдануда.

Айта кетсек, жоспарға сәйкес биыл шаруалар 400 мың тонна қызылша жинап, одан 40 мың тонна қант өндірілуі керек болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу