Қызылша жұқтырған СҚО әскери академия курсанттарының жағдайы қалай?

363

Бүгінгі таңда 1 адам стационарда ем қабылдап жатыр.

Қызылша жұқтырған СҚО әскери академия курсанттарының жағдайы қалай? Фото: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери академиясы курсанттарының қызылша жұқтыру дерегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Өңірлердің берген мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда аталмыш Ұлттық гвардияда 17 курсант ауруға шалдықты. Оның ішінде біреуі стационарда ем қабылдап жатыр, қалғаны жазылып шықты. Осыған дейін айтқанымдай, осыған дейін ауырғандарда немесе екпе алғандарда тұрақты иммунитет болады. Ал осыған дейін сырқаттанбағандар қызылшаның жеңіл түріне шалдыққан", - деді министр.

БАҚ өкілі "Кеше облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызылшаны 29 адам жұқтырғанын айтты. Қай ақпаратқа сенуіміз керек?" деп нақтылады.

"Қызылшаға шалдыққан деген күдікпен 29 адам ауруханаға түсті. Оның ішінде 17 жағдайда диагноз расталды. Бүгінгі таңда жіті респираторлық инфекциялардың маусымы болғандықтан, грипп, парагрипп сияқты вирустар бар. Қалған адамға басқа диагноз қойылды", - деп толықтырды ведомство басшысы.

Ажар Ғиният академияда карантин енгізілмегенін жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу