Қызылшаға қарсы жаппай иммундау басталды

363

Жыл басынан бері республикада қызылшаның 12 671 жағдайы тіркелген.

Қызылшаға қарсы жаппай иммундау басталды Фото: pexels

Қазақстанда қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2023 жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 12 671 жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 563 науқас 14 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер – 354, ересектер – 1 754.

"70% немесе 8 866 жағдай вакцинацияланбаған балаларға тиесілі, екенін, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 5 286, медициналық қарсы көрсетілімдер – 1 555, егу жасына жетпеу – 1 930, өзге себептер – 93 екенін айта кету керек. Тағы 16% немесе 2 062 жағдай белгісіз вакцинациялау мәртебесі бар адамдар", - делінген хабарламада.

Қызылшаны тіркеу елдің барлық өңірлерінде байқалады.

Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданады.

"Қазақстан Республикасының халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында "Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылды", - делінген хабарламада. 

Көрсетілген қаулыға сәйкес осы жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап – қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундауды (ҚЖИ) жүргізуді бастау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу