Қызылшаға шалдыққан балалардың 84%-ы екпе салдырмаған

355

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлім етті.  

Қызылшаға шалдыққан балалардың 84%-ы екпе салдырмаған Фото: Reuters

2023 жылдың басынан бері елімізде қызылша жұқтырудың 13 103 жағдайы тіркелді, оның 83% (10864) – 14 жасқа дейінгі балалар, 2,9% (385) – жасөспірімдер, 14,1% (1854) – ересектер, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді: Шымкент қаласында – 2 283 жағдай, Алматы қаласында – 2 217 жағдай, Жамбыл облысында – 1 605 жағдай, Алматы облысында – 1215 жағдай, Атырау облысында – 940 жағдай.

Соңғы мәлімет бойынша, 727 мектепте бұл ауруға 1444 бала шалдыққан. Алғашқы 72 сағаттың ішінде олармен байланысты болған 2565 адам егілді. 1552 ата-ана өз балаларын вакцинациялаудан бас тартты. Ал 538 балаға медициналық көрсетілім бойынша екпе салдыруға болмайтыны белгілі болды.

Еске сала кетсек, 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы вакцинамен 6-11 айлық балаларды, желтоқсаннан бастап — қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жасар балаларды қосымша жаппай иммундау басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу