Қызылжар әуежайы террорлық актілерге қарсы тұруға қауқарсыз деп танылды

566

Қызылжар әуежайы террорлық актілерге қарсы тұруға қауқарсыз деп танылды

Қызылжар әуежайының басшылығы нысанның террорлық шабуыл бола қалса, төтеп бере алмайтыны үшін айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Былтыр қарашада полиция қызметкерлері нысанды сынақтан өткізген. Нәтижесінде 10-нан астам олқылық анықталды. Нысандағы жарықтандыру, дыбыс күшейткіш жүйелері осал болып шыққан. Оған қоса лаңкестік террорлық актілерге қарсы тұруға қауқарсыз. Осы себептен мекемеге 480 мың теңге айыппұл салынды.

"Мекемеде террорға қарсы қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан, әкімшілік жазаға тартылды. Егер 30 күннің ішінде олқылықтар жойылмаса, не мекеменің өзі, не оның басшысы қайтадан жаза арқалайды", - дейді СҚО Қызылжар аудандық сотының судьясы  Дәурен Дүйсенбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу