"Қызымның есімімен ұйықтап, оянып жүрмін": Марқұм Салтанаттың анасы әсерлі жазба қалдырды

2210

Салта әрқашанда менің ойымда және денемнің әр бөлшегінде өмір сүріп жатыр. 

"Қызымның есімімен ұйықтап, оянып жүрмін": Марқұм Салтанаттың анасы әсерлі жазба қалдырды Фото: instagram.com/aitym

Экс-министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың анасы қызына арналған жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салтанат Нүкенованың анасы қызына арналған жантебірентерлік жазбасында көпшіліктің қолдауына алғысын білдірді.

"Осы бірнеше айлар бойы қызымның есімімен ұйықтап, оянып жүрмін. Салта әрқашанда менің ойымда және денемнің әр бөлшегінде өмір сүріп жатыр. Бізден үйіміздің жаны мен күнін тартып алды. Кеудедегі ауырлық қалған өмірімнің соңына дейін қала бермек. Астанада балаларынан айырылып қалған аналармен болған кездесуден соң менің Салтамның жаны жәннатта екеніне тағы да көзім жетті. Жеп-жеңіл көйлек киген ол әкесі және маған, ағасына ары қарай да өмір сүруімізге сол жақтан көмектесіп тұрады. Кездесулерде адамдар қасыма келіп құшақтап, біздің отбасымызды және Салтаны жақсы көретіндерін айтып жүреді. Сіздердің қолдауларыңызға алғысымды айтамын. Әлі күнге дейін қолдап келесіздер", – деп анасы әсерлі жазба қалдырды.

Ал желі пайдаланушылары Салтанаттың анасына жылы сөздер айтып, қолдау пікірлер жазды.

“Сіз керемет әйелсіз! Күйеуің екеуіңізді өмірде көріп, Салтанаттың кімнің сондай мейірімді, сұлу екенін түсіндім! Оның ата-анасы мен ағасы бар жолы болды. Ол мұндай адамдардың бар екеніне тіпті күдіктенбегеніне сенімдімін”, 

“Сізді жұбатуға сөз таба алмай отырмын... Тек дүниедегі барлық аналардың жүрегі сенімен бірге екенін біл”, 

“Жұма апай, сіз сондай күшті адамсыз. Нәзіксіз әрі мықтысыз! Біз әрқашан сізбен біргеміз! Жарқын Салтушамыз жүрегімізде мәңгі қала бермек”, – деді оқырмандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу