Қызын аюдың торына лақтырып жіберді

1504

28 қаңтар күні түскі сағат 12:00 шамасында Ташкент хайуанаттар бағында келуші өзінің кішкентай қызын аюдың торына лақтырып жіберген. Бұл туралы хайуанаттар бағының телеграм-арнасында жазылды, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Қызын аюдың торына лақтырып жіберді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кезде кавказдық қоңыр аю қоршауда болған. Ол бірден әйелдің тор жанында не істеп жүргенін бақылай бастады. Қыз жерге құлаған кезде жануар ақырын жақындап, иіскеп, алыстап кетті. Жұмысшылар бұл аю агрессивті емес, керісінше ашық екенін жеткізді.

Келушілер мен қызметкерлер әйелді тоқтатуға әрекеттенгенімен, ол қызды темір қоршаудан асырып жібергені нақтыланды.

Зообақ қызметкерлері баланы ол жерден шығарып, медбике шақырған.

Кішкентай қыз жыртқыштың тісінен емес, 5 метрге жуық биіктіктен құлағаннан ғана зардап шекті. Бастапқы тексеру кезінде оның денесінде көгерген жерлерді қоспағанда, көзге көрінетін ауыр жарақаттар табылмады.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның себебін анықтап жатыр, бала дәрігерлердің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу