Қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды

784

Шардара АПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды

Танысы 2020 жылдың желтоқсан айында қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, 1 млн теңгесін алған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз, Алматы қаласының тұрғынын анықтады.

Белгілі болғандай, сезікті әйел Шардараға қыдырып келген. Ал алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Фото: 365info.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу