Қызылордада сотталғандар арасында Республика күні атап өтілді

637

Жазасын өтеушілер спорттық іс-шарада өзара бақ сынасты.  

Қызылордада сотталғандар арасында Республика күні атап өтілді

Қылмыстық атқару саласына қарасты №68 мемлекеттік мекемеде әділет майоры, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Олжабаев іс-шараны ашып, сотталғандарға мерекенің маңыздылығын түсіндірді.

Шараға Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің әдіскері Ж.Оңталап пен Ғ.Мәмедкәрім төрағалық етті. Жарысқа қатысушылар турниккке тартылып, арқан тарту мен кір тасын көтеруден кіл мықтыларды анықтады.

"Жарыс қызықты өтті. Әсіресе, арқан тарту кезінде, біздің топ мүшелері намысқа тырысып бақты. Біраз көңіліміз көтеріліп қалды. Бүгінгі ұйымдастырған іс- шара үшін мекеме қызметкерлеріне алғысымыз зор. 13 жылдан соң қайта мерекеленіп отырған Республика күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Еліміз өркендеп дами берсін. Бұл жерге түскен соң, көп ойланатын болдым. Бостандыққа шыққан соң, отбасыма, Отаныма пайдамды тигізер азамат болсам деймін" - деді жарысқа қатысқандардың бірі. 

Спорттық іс-шараға белсене қатысқан сотталушыларға "Алғыс" жарияланып марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу