Кері қайтаруға себеп болған нәрсе "бұрылыс көрсеткіштерінің бүлінуі", деп хабарлады "Лада Онлайн".
Lada Granta-ның жарық шамдарына су тигенде, пластигі шытынап кетуі мүмкін. 11 157 Granta сервиске жіберіледі. Ақауы бар бұрылыс көрсеткіштері өндіруші есебінен ауыстырылады.
Былтыр Lada XRAY Cross-тың 7 220 данасы кері қайтарылған. Ол кезде бұрылыс жұдырығының кейбір бөліктері сапасы нашар шойыннан жасалғаны анықталған еді.
Олжас Оқас
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу