Lada Өзбекстанда құрастырыла ма?

706

Ала шапанды ағайын АвтоВАЗ делегациясымен кездесу өткізді.  

Lada Өзбекстанда құрастырыла ма?

AvtoVAZ News берген ақпаратқа сүйенсек, Өзбекстан ірі торапты әдіспен Lada автокөліктерін өндіруді жоспарлап отыр. 

Өзбекстанға жіберілетін Lada XRAY Cross шанағы Тольяттидегі зауытта жасалған. АвтоВАЗ делегациясы Өзбекстанда машина құрастыру мүмкіндігін жан-жақты зерттеп жатыр. 

Соңғы жылдары Өзбекстанда автоөндіріс қарқынды дамуда. Chevrolet-тен бөлек бұл елде Volkswagen жасалады, жуық арада Kia-ның Seltos және K5 модельдері шығарылады. Škoda да қызығушылық танытып жатыр. 2022 жылдан бастап Kodiaq моделі көршілес мемлекетте өндіріле бастайды. 

Айта кетейік, Өзбекстан нарығында Қазақстанда құрастырылған Hyundai машиналары жақсы сатылып жатыр. Биыл сегіз айда көрші елге 2,7 мың автокөлік жіберілді.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу