Атырау облысының білім басқармасы құзыретті органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін комиссия құрды, деп жазады inbusiness.kz atpress.kz порталына сілтеме жасап.
“Қайтыс болған жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды”, - делінген хабарламада.
Білім басқармасы қайтыс болған баланың отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді.
Белгілі болғандай, 4 тәлімгер және 73 баладан тұратын топ “Атырау-Астрахань” пойызымен "Қазақстан геологы" санаторийіне (Железноводск) бара жатқан.
Пойыз жолға шыққаннан кейін 1,5 сағаттан кейін балалардың бірі өзін нашар сезінді. "Нарын" станциясына келген жедел жәрдем баланың көз жұмғанын анықтады.